Бурабай ауданының ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

Бурабай ауданының ТКШ бөлімінің лауазымды тұлғасына қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды

2025 жылғы 12 маусымда Ақмола облысы Бурабай аудандық сотындаБурабай ауданының ТҚШ бөлімінің» лауазымды тұлғасы мен мердігер Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылып, орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеумен 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бұл факт аудан прокуратурасы жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаражатының мақсатты жұмсалу мәселелері бойынша ТКШ бөлімі мен оған бағынысты ұйымдардың қызметін талдау барысында  ҚК-нің 189-бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық құрамының белгілерін анықтады.

Сотталушылардың кінәсі қылмыстық іс материалдарының жиынтығымен дәлелденді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Ақмола облысының прокуратурасы