Ерейментау ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.
Ағымдағы жылы қадағалау актілерінің негізінде 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған жалпы кадастрлық құны 225 млн теңгені құрайтын, ауданы 22 мың гектардан астам 12 жер телімі қайтарылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Ақмола облысының прокуратурасы