Ақмола облысының Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты

Ақмола облысының Далабай ауылының тұрғындары алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тартты

2025 жылғы 22 мамырда «Заң және Тәртіп» идеологиясын қоғамда ілгерілету мақсатында Жарқайың ауданының Далабай ауылында ауыл тұрғындарының кездесуі өтті. Іс-шараның негізгі тақырыбы ауыл аумағында алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту болды.

Бұл бастама ауыл ақсақалдарының қолдауына ие болып, олар моральдық құндылықтарды, қоғамдық тәртіп пен өсіп келе жатқан ұрпақтың қауіпсіздігін сақтау маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар дені сау және қауіпсіз орта құруға деген ұмтылысты бекіткен хаттамаға қол қойды.

Жергілікті қоғамдастықтың қолдауы қоғамдық келісімді нығайту мен құқық бұзушылықтардың алдын алу жолындағы маңызды қадам болды. Мұндай бастамалар Қазақстанның түрлі өңірлерінде іске асырылып жатыр. Кейбір өңірлерде соңғы бірнеше жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, бұл өз кезегінде аталған бастамалардың қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке оң әсерін көрсетеді.

 

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов мұндай бастамалар азаматтардың өз еркімен жүзеге асырып, жергілікті билік тарапынан қолдау тауып отырғанын атап өтті. Ол алкогольден бас тарту – бұл азаматтардың тәртіп, денсаулық және өз балаларының болашағы үшін саналы таңдауы екенін ерекше айтты.

Осылайша, Далабай ауылы қауіпсіз және салауатты орта құруға ұмтылатын, белсенді азаматтық ұстаным танытатын елді мекендер қатарына қосылды.

Алкогольден бас тарту прокуратура органдарының, жергілікті биліктің және ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысының нәтижесі болды, бұл қоғамның құқықтық тәртіпті нығайту мен өмір сапасын жақсартуға қосқан нақты үлесін көрсетті.

Ақмола облысының прокуратурасы