Степногорск қаласының прокуратурасы қылмыстық іс бойынша көрме сот процесін ұйымдастырды

Степногорск қаласының прокуратурасы қылмыстық іс бойынша көрме сот процесін ұйымдастырды

«Заң және тәртіп» жобасы аясында Степногорск қаласының прокуратурасы қалада орналасқан колледждерінің бірінің студенті жасаған бұзақылық әрекеттерге байланысты қылмыстық іс бойынша көрме сот процесін ұйымдастырды.

           Іс-шара 2025 жылдың 11 маусымында Степногорск қалалық сотында өтті. Оған Степногорск қаласының Жоғары колледжінің студенттері қатысты.

           Айыпталушы бұзақылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасына тартылды. Бұл іс-шараның мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қылмыстық әрекеттерге тартылудың салдары туралы ескерту болды.

           Мұндай іс-шаралар жастардың заң мен тәртіпке құрметпен қарауын қалыптастыруға, сондай-ақ студенттер арасында құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді.

 

Ақмола облысының прокуратурасы