Ағымдағы жылдың 13 маусымында «Amanat» партиясының облыстық филиалында «қылмыстық жазасын өтеген жастар қатарындағы адамдарды әлеуметтендіру және бейімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға сотталғандармен жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және әлеуметтік кәсіпкерлердің өкілдері қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты - бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету, сондай-ақ қиын өмірлік жағдайларға тап болған әйелдер мен балаларды қолдау. Рецидив қаупін азайту және сәтті реинтеграция үшін оларды жұмысқа орналастыру, кәсіптік оқыту және құқықтық қолдау бағдарламалары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша бұрынғы сотталғандарды Көкшетауға бейімдеу мәселелері бойынша конференциялар мен воркшоптар өткізу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, әлеуметтік кәсіпкерлер хабының негізін қалаушы Эмин Аксеров облыс прокуратурасының сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу мен қайта әлеуметтендіруді қолдау жөніндегі «рецидивтің алдын алу» жобасының маңыздылығын атап өтті.
Ақмола облысының прокуратурасы