Ақмола облысында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Ақмола облысында құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша кеңейтілген үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2025 жылғы 11 маусымда облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне арналған кеңейтілген үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың жұмысына облыс әкімі, облыстық соттың төрағасы, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары, аудан және қала әкімдері, қоғам, жастар және спорт ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар жасөспірімдер қылмысының, есірткінің заңсыз айналымының, буллингтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және лудоманияның алдын алу мәселелерін талқылады. «Жас Ұрпақ» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан бірқатар бастамалар, соның ішінде «Ұрпақ» телеграм-боты таныстырылды.

Құқықтық сана қалыптастыру мен заңға бағынатын азаматты тәрбиелеудің шешуші рөлі атап өтілді. Мемлекет басшысының жолдауларында айтылған «Заң және Тәртіп» қағидаттары мемлекеттік саясаттың құндылықтық негізі және құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы қызметтің басты бағдары ретінде көрсетілді.

Іс-шара қорытындысында ерлік пен белсенді азаматтық ұстаным көрсеткен жас азаматтар марапатталды.

Ақмола облысының прокуратурасы