Астрахан ауданы прокуратурасының талдау нәтижелері бойынша алимент төлемегені үшін борышкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, 2025 жылдың 4 айында аудан прокуратурасының араласуынан кейін кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлеуден әдейі жалтырған 3 борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 139-бабы бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Мысалы, борышкер 2015 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін өз үшін тиісті қорытынды жасамай, өзінің нақты кірістерін бейресми жұмысқа орналастыру арқылы жасырып алимент төлеуден жалтыруды жалғастырды.
Сот үкімімен борышкер ҚК-нің 139-бабы бойынша кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстарға 250 сағатқа тарту түріндегі жаза тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, алимент міндеттерін орындамау көзделген қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Алиментті уақтылы және толық төлеу - бұл әр ата-ананың парызы.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау прокуратураның тұрақты қадағалауында.
Ақмола облысының прокуратурасы