Мемлекет басшысы «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік пен құқықтық сана-сезімді қалыптастыру міндетін алға қойды.
Осы орайда, Степногорск қаласы прокуратурасының қызметкерлері жоғарыда аталған идеологияға сәйкес құқық бұзушылықтардың профилактикасы – олардың, соның ішінде кәмелетке толмағандар арасында жасалу қауіпін азайтуға септігін тигізу мақсатында колледждерде, лагерьлер мен мектеп жанындағы алаңдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Түсіндірме жұмыстарында әлеуметтік желілердің ықпалы, агрессия деңгейінің артуы, құқыққа қайшы әрекеттерге тарту (оның ішінде интернет арқылы), деструктивті идеологиялардың таралуы және тағы басқа да көптеген факторлар жөнінде атап өтілді.
Ақмола облысының прокуратурасы