Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлаған қарақшылар сотталды

Су тасқынына қарсы шараларға бөлінген қаражатты ұрлаған қарақшылар сотталды

05.06.2025 жылы 300 млн теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, «Престиж Строй 7» және «Фундаменталь» ЖШС-нің басшыларына қатысты сот үкімі шықты.

        Естеріңізге сала кетейік, аталған қаражаттар 2021 жылы Үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген.

Іс Ақмола облысының арнайы прокурорларымен тергелген болатын.

Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексінің 189 бабы 4 бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) и 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін конфискациялау жазаларына тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

       

         Ақмола облысының прокуратурасы