Біржан сал ауданы Заурал ауылындағы проблемалық мәселелердің қаралуы

Біржан сал ауданы Заурал ауылындағы проблемалық мәселелердің қаралуы

Ағымдағы жылғы 3 маусымда Біржан сал ауданының прокуроры           А.Қ. Құлышев Заурал ауылдық округінің Заурал ауылына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында ауылды аралау, оның абаттандырылуымен танысу, сондай-ақ ауылдық әкімдік, жергілікті кітапхана мен дәрігерлік пунктке бару жүзеге асырылды.

Ауыл әкімдігінің ғимаратында жергілікті қадағалау органының басшысы ауыл тұрғындарымен кездесуді өткізіп, Мемлекет басшысының «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасының негізгі талаптарын түсіндірді.

Кездесу барысында тұрғындар ауылдағы өзекті мәселелерді көтерді, атап айтқанда – ауыз су мәселесі мен жергілікті автожолдардың сапасы.

Прокурор көтерілген мәселелердің маңыздылығын атап өтіп, оларға шара қабылдау үшін Біржан сал ауданының әкіміне жеткізу қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, жергілікті халыққа мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен Заурал ауылында сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары басталғаны жөнінде хабарлады.

Прокурор бұл жобаның сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдарға қатысты қадағалауды күшейтілгенін жеткізді.

Іс-шара соңында тұрғындарға аудан прокуратурасының байланыс деректері қалдырылды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы