Ағымдағы жылғы 4 маусымда Біржан сал ауданының прокуроры А.К. Құлышев жұмыс сапарымен «Berkutty Lingvo Camp» тілдік балалар лагеріне барды.
Іс-шара Ақмола облысының прокуроры бекіткен «Заң мен Тәртіп» акциясы апталығының Медиажоспарын іске асыру аясында өткізілді.
Сапар барысында прокурор лагерьдің тәрбиеленушілері – балалар және олардың тәлімгерлерімен кездесіп, профилактикалық әңгіме өткізді.
Балаларға қарапайым және түсінікті түрде ережелердің не үшін қажет екені, жаман қылықтар деген не, құқықбұзушылықтар кезінде не істеу керек екені сияқты сынды мәселелер түсіндірілді.
Құқықтық дағдыларды қалыптастыру мақсатында прокурор «Заң және Мен» атты ойынды ұйымдастырып, «не істеуге болады, не істеуге болмайды?», «табиғатта өзін қалай ұстау керек?», «нағыз күшті болу деген не?» деген сұрақтар қойылды. Балалар белсенділік танытып, нақты әрі мазмұнды жауаптар берді.
Өзінің ақыл-кеңес сөзінде аудан прокуроры балалардың құқықтық мәдениетінің жоғары деңгейін атап өтіп, оларға жақсы демалыс, жазғы уақытта жағымды энергия жинап, жаңа оқу жылында білімге деген ұмтылысты жалғастыруды тіледі.
Іс-шара соңында балалар лагерінің әкімшілігіне балалардың тәртіп сақтау ережелері туралы арнайы әзірленген брошюралар таратылды.
Ақмола облысының прокуратурасы