Астрахан ауданының прокурорының орынбасары әлеуметтік нысанның құрылысымен танысты

Астрахан ауданының прокурорының орынбасары әлеуметтік нысанның құрылысымен танысты

Қайтарылған активтер есебінен салынатын әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында.
         2025 жылдың 4 маусымында Астрахан ауданының прокурорының орынбасары Д.Ж. Сансызбай жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Лозовое ауылындағы сумен жабдықтау желілерінің құрылысы» барысымен танысты.
         Нысанның құрылысына 657 млн теңге бөлінген.

Бұл жоба Лозовое ауылының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 10% аяқталды. Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес келесі жылдың соңына дейін жоспарлануда.

Ақмола облысының прокуратурасы