Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында.
2025 жылғы 2 маусымда Жарқайың ауданының прокуроры Уәлиев О.Т. жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, мемлекетке прокуратура органдарымен қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Жарқайың ауданы Пятигорское ауылында дәрігерлік амбулатория салу» құрылысы барысымен танысты.
Нысанның құрылысына мемлекетке қайтарылған активтен 320 млн теңге бөлінген.
Бұл жоба алты жақын орналасқан ауылды қоса алғанда, 1800-ден астам тұрғынның алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылып жатыр.
Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 80% аяқталды.
Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың шілде айына жоспарланған.
Ақмола облысының прокуратурасы