Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында.
2025 жылдың 3 маусымында Астрахан ауданының прокуроры Марат Сұлтанов жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік меншікке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: Старый Колутон ауылындағы “Дәрігерлік амбулатория” құрылысымен танысты.
Нысанның құрылысына мемлекетке қайтарылған активтен 347,7 млн теңге бөлінген.
Аталған нысан жергілікті халықты жедел медициналық көмекпен қамтамасыз етуге арналған.
Ақмола облысының прокуратурасы