Қосшы қаласының прокуроры әлеуметтік нысанның құрылысымен танысты

Қосшы қаласының прокуроры әлеуметтік нысанның құрылысымен танысты

Қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Берік Асыловтың жеке бақылауында.

2025 жылғы 2 маусымда Қосшы қаласының прокуроры Д.І. Ізбасаров жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік меншікке қайтарылған активтер есебінен салынып жатқан әлеуметтік нысан: «Қосшы қаласында сумен жабдықтау желілерін салу» құрылысы барысымен танысты.

Нысанның құрылысына мемлекетке қайтарылған активтен 477 млн теңге бөлінген.

Бұл жоба Қосшы қаласының тұрғындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда жоспарланған жұмыстың 72% аяқталды.

Құрылыстың толық көлемде аяқталуы жобаға сәйкес ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарлануда. 

 

Ақмола облысының прокуратурасы