Қосшы қаласының прокуратурасы ерекше күтімді қажет ететін балаларды «Халықаралық балаларды қорғау күнімен» құттықтады

Қосшы қаласының прокуратурасы ерекше күтімді қажет ететін балаларды «Халықаралық балаларды қорғау күнімен» құттықтады

2025 жылғы 1 маусымда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қосшы қаласының прокуратурасы «Ералиев» жеке кәсіпкермен бірлесіп, 23 отбасының ерекше күтімді қажет ететін балаларын мерекелерімен құттықтады.

Іс-шараның басты мақсаты - қоғамның ерекше балаларға деген назарын күшейту, олардың әлеуметтік бейімделуіне қолдау көрсету және мейірім мен қамқорлықты сезіндіру.

Шара барысында балаларға естелік сыйлықтар табыс етіліп, жылы лебіздер айтылды.

 

 Ақмола облысының прокуратурасы