
Қайтарылған активтер есебінен салынатын әлеуметтік нысандар ҚР Бас Прокуроры Б.Н. Асыловтың жеке бақылауында.
2025 жылғы 29 мамырда Степногорск қаласының прокуроры Қ. Мәдібаев ЖАО мен мердігер ұйым өкілдерінің қатысуымен Изобильное ауылында салынып жатқан су құбыры жүйесінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету.
Жобаның жалпы құны 662 млн теңгені құрайды.
Құрылыс жұмыстарының сапасы мен мерзімінде орындалуы қала прокуратурасының тұрақты бақылауында.
Ақмола облысының прокуратурасы