Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Бұланды ауданында аудан прокуратурасы полиция бөлімі және өртке қарсы қызметпен бірлесіп ұйымдастырған "балалар қауіпсіздігі" профилактикалық акциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандар арасындағы құқықтық және өртке қарсы сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ оларда әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру болды.
Акция барысында балалар Құқық қорғау органдары мен құтқару қызметтерінің жұмысымен танысты. Полиция мен төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің қызметінде қолданылатын арнайы техника мен оқ-дәрілердің макеттерін көрсету қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Ақмола облысының прокуратурасы