Ақмола облысының прокуроры балаларды мерекемен құттықтады

Ақмола облысының прокуроры балаларды мерекемен құттықтады

Халықаралық балалар күні  қарсаңында Ақмола облысының прокуроры Руфат Құттықов  балаларды құттықтады. 

Балаларға және олардың ата-аналарына мықты денсаулық, ашық аспан және барлық жақсылықтарды тіледі.

Балалар үшін аниматорлардың қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Сонымен қатар Ақмола облыс прокуратурасының қызметкерлерінің балалары арасында өткізілген “Ата заңға - 30 жыл” сурет байқауының  жеңімпаздары және номинанттары мақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

 

Ақмола облысының прокуратурасы