Ақмола облысы прокуратурасының бастамашылығымен жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ағымдағы жылдың 27 мамырда Полиция департаментімен ситетикалық есірткі дайындайтын зертхана анықталды.
Тінту барысында шамамен 200 грамм синтетикалық есірткі, 150 килограмм химиялық прекурсорлар, тыйым салынған заттарды дайындауға арналған әртүрлі зертханалық жабдықтар, 9 млн теңгеден астам қаражат, сондай-ақ 2 бірлік қару тәркіленді.
42 жастағы ұйымдастырушы мен оның сыбайласы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәркіленген заттар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.
Аталған факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-1-бабы 3-бөлігімен, яғни аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өндіру және сату бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Көрсетілген баптың санкциясы мүлікті тәркілеумен бірге 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Қылмыстық істі тергеу барысы бақылауға алынды, жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.
Ақмола облысының прокуратурасы