Көкшетауда жас спортшылар арасында «BATYRS BATTLE – 2025» турнирі өтті

Көкшетауда жас спортшылар арасында «BATYRS BATTLE – 2025» турнирі өтті

2025 жылғы 23 мамырда Көкшетау қаласында Қазақстанның әр аймағынан келген жас спортшылардың қатысуымен жауынгерлік өнер фестивалі мен «BATYRS BATTLE – 2025» турнирі өтті. Іс-шара «Жауынгер» облыстық спартакиадасы аясында ұйымдастырылып, жас буынның күш-жігері мен патриоттық рухын дәріптеген жарқын мерекеге айналды.

 

Турнирге балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен секцияларынан құралған 10 команда және жауынгерлік өнердің 8 облыстық федерациясының өкілдері қатысты. Қатысушылар жоғары дайындықтарын, шеберліктері мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті.

 

Ашылу салтанатында Ақмола облысының прокуроры, Жауынгерлік өнер ассоциациясының президенті Руфат Құттықов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол:

 

«Спорт — бұл тәртіптің, әділеттіліктің және қарсыласқа құрметтің мектебі. Спорт арқылы біз елін қорғай алатын, жауапкершілігі жоғары, мықты ұрпақты тәрбиелейміз», – деп атап өтті.

 

Жарыстар әділдік, достық және өзара сыйластық рухында өтті. Жас спортшылар тартысты жекпе-жектерде өз шеберліктерін көрсете білді. Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Ақмола облысының прокуратурасы