2025 жылғы 21 мамырда Степногорск қаласының прокуратурасында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі №70 Нормативтік қаулысын қолдану тәртібін түсіндіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Аталған қаулы Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 65-бабын қолдану тәжірибесін нақтылайды, бұл бап ата-аналардың балаларды тәрбиелеу және асырау жөніндегі міндеттерін реттейді.
Талқылауға мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ әлеуметтік салада мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бөлімшелердің басшылары мен мамандары қатысты.
Дөңгелек үстел аясында тиісті нормаларды біркелкі қолдану мәселелері қаралып, өзекті проблемалар талқыланып, уәкілетті мекемелер арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Ақмола облысының прокуратурасы