Облыс прокуратурасының «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасы аясында ведомствоаралық кеңес өтті

Облыс прокуратурасының «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасы аясында ведомствоаралық кеңес өтті

Осы жылдың 21 мамырында облыс прокуратурасының «Қайталанатын қылмыстың алдын алу» жобасы аясында облыс әкімдігі алаңында ведомствоаралық кеңес өтті.

Кеңеске қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық ҚАЖ департаментінің қызметкерлері, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ еңбек мобильділігі орталықтары мен мансап орталықтарының өкілдері қатысты.

Кеңесте негізгі назар сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру мәселелеріне аударылды.

Қатысушылар жұмыспен қамту, білім беру, медициналық қамтамасыз ету, мобильдік топтардың қызметі және Отбасыны қолдау орталықтарының жұмысы сияқты негізгі аспектілерді талқылады.

Облыс әкімінің орынбасары пробация қызметі мен жергілікті полиция қызметінде есепте тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру процесінде жергілікті атқарушы органдардың іс-қимылдарын үйлестіру қажеттігін атап өтті.

Бірлескен шаралар сотталғандарды қоғамға тиімді түрде бейімдеу және қолдау жүйесін құруға мүмкіндік береді.

Ақмола облысының прокуратурасы