«Қайталанатын қылмыстың алдын алу жобасын іске асыру шеңберінде Целиноград ауданында пробация есебінде тұрған сотталғандарға тексеріс жүргізілді, сондай-ақ қылмыстық құқықбұзушылықтардың қайталануын болдырмау мақсатында, Целиноград ауданының прокуратурасы пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды тексеру жұмыстарын жүргізді».
Іс-шараның негізгі мақсаты – есепте тұрған азаматтардың пробация талаптарын сақтауын қадағалау және қайта құқық бұзушылықтың алдын алу. Тексеріс барысында пробация қызметкерлері мен прокуратура өкілдері сотталғандардың тұрғылықты мекенжайларына барып, олардың тұрмыс жағдайымен және еңбекпен қамтылу деңгейімен танысты.
Сонымен қатар, сот үкімімен белгіленген шектеулердің сақталуы мен әлеуметтік-құқықтық көмектің қажеттілігі де назардан тыс қалмады. Алдағы уақытта мұндай шаралар сотталғандарды қоғамға қайта бейімдеу мен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде өткізіліп отырады.
Пробация қызметімен бірлесе атқарылған бұл жұмыс өз нәтижесін беріп келеді – пробация есебінде тұрған азаматтардың тарапынан қайталап құқық бұзушылық жасау деңгейі төмендеген. Целиноград ауданы прокуратурасы алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, пробациялық бақылаудағы тұлғаларға құқықтық көмек көрсетуді жалғастыра бермек.
Ақмола облысының прокуратурасы