Жақсы ауданының прокуратурасы «Қылмыстардың қайталануын алдын алу» жобасы аясында, аудандық пробация қызметімен бірлесіп, пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарды тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша тексерді.
Тексеру барысында сотталғандарға жзаны өтеу, құқықбұзушылықтардың алдын алу заңнамаларының нормалары түсіндіріліп, оларға сот жүктеген міндеттерді орындамағаны үшін жауаптылық туралы ескертілді.
Сотталғандардың ішіндегі кәсіпкерлік қызметпен айналасатын бір адамға жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге көмекте көрсетілді.
Ақмола облысының прокуратурасы