Жақсы ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары бойынша кеңес өткізілді

Жақсы ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары бойынша кеңес өткізілді

Жақсы ауданы прокуратурасымен «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жақсы ауданы бойынша филиалының  халыққа қызмет көрсету және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдері басшыларының қатысуымен отырыс өткізілді, онда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 65-бабының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 70-НҚ нормативтік қаулысын негізгі ережелері түсіндірілді.

Іс-шараға қатысушы Конституциялық Соттың жоғарыда аталған Нормативтік қаулысымен баланың ұлтын оның ата-анасының ұлты бойынша айқындау туралы Кодекстің 65-бабы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейді деп танылғаныны түсіндірді, ол бойынша әркім өзінің ұлтын анықтауға және көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы. Кодекске тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тіркеуші органдар шешім қабылдағанда Конституцияның аталған нормасын және Конституциялық Соттың қауылын басшылыққа алуы қажет.

#ЗАҢменТӘРТІП

Ақмола облысының прокуратурасы