Атбасар ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары бойынша кеңес өткізілді

Атбасар ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының нормативтік қаулылары бойынша кеңес өткізілді

Атбасар ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі №70-НП және 2025 жылғы 23 сәуірдегі №71-НП нормативтік қаулыларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау мақсатында әкімдік, құқық қорғау және уәкілетті органдар өкілдерінің қатысуымен жиын өткізілді.

Жиын барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:

– №70-НП қаулысында туыстық дәрежесін айқындау кезінде бірдей көзқарас ұстанудың қажеттілігі түсіндірілген, бұл қорғаншылық, асырап алу және отбасылық құқыққа қатысты басқа да істер үшін маңызды.

– №71-НП қаулысы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарынан асып түспеуі тиіс екенін атап көрсетеді, бұл шектеу шараларын әзірлеу және қолдану кезінде ескерілуі керек.

Жиынға қатысушылар құқықты біркелкі қолданудың және тиісті істерді қарау кезінде конституциялық нормаларды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Аудан прокуратурасы аталған құқықтық ұстанымдарды барлық органдар міндетті түрде қолдануы тиіс екенін және бұл азаматтардың конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз етуге қызмет ететінін еске салды.

#ЗАҢменТӘРТІП                                             

Ақмола облысының прокуратурасы