Сот шешімі бойынша Үржар ауданының тұрғыны 1 млн теңгеден астам қарызын төлеуден бас тартты.
Аудан прокуратурасы анықтағандай, борышкер әдейі сот орындаушыларынан жасырын өзіне тиесілі үйін сатып, алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсады.
Аудан прокуратурасы бастаған сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша Үржар аудандық сотының үкімімен борышкер ҚР ҚК 430-бабының 1-тармағымен (сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау) 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге тартылды.
Қазіргі уақытта қарыз толық көлемде өтелді.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі