Абай облысында прокурорлар кәсіпкердің жергілікті атқарушы органымен бұзылған құқықтарын қорғады

Абай облысында прокурорлар кәсіпкердің жергілікті атқарушы органымен бұзылған құқықтарын қорғады

       Семей қаласының прокуратурасына кәсіпкер жүгінген, оған жергілікті атқарушы орган жобаны жүзеге асыруға кедергі жасаған.

       Кәсіпкерге ғимаратты қайта құру үшін рұқсат құжаттары берілген, оған айтарлықтай қаражат салған болатын.

       Алайда үш айдан кейін уәкілетті орган берілген құжаттарды заңсыз қайтарып алып, жұмысты жалғастыруға тыйым салған.

       Қала прокуратурасының қабылдаған шараларының нәтижесінде уәкілетті органның заңсыз әрекеттері бірден тоқтатылып, басшысы әкімшілік, ал бұзушылық жасаған қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

       Айта кетерлігі, осындай фактілер кәсіпкерлер мен әлеуетті инвесторлар үшін біздің өңірдің инвестициялық тартымдылығын төмендетеді.

       Инвесторлар мен кәсіпкерлердің назарына, егер инвестициялық жобаны жүзеге асыруда қиындықтарға тап болсаңыздар, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау мобильді тобына Call-орталық арқылы (байланыс нөмірі 8 (775) 887-83-23) жүгінуге болады.

       Абай облысының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

#Заңүстемдігі