Абай облысында прокурорлар мемлекеттік органдардың негізсіз талаптарын жоюға қол жеткізді

Абай облысында прокурорлар мемлекеттік органдардың негізсіз талаптарын жоюға қол жеткізді

       Абай ауданында мүмкіндігі шектеулі 10 балаға үйде оқыту жүргізіледі.

       Балаларды үйде оқыту және тәрбиелеудің негізі болып дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы табылады.

       Дегенмен, білім беру ұйымдары ата-аналардан заңмен қарастырылмаған психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қосымша қорытындысын талап еткен.

       Мұндай қорытындыларды алу үшін ата-аналар балаларымен аудан орталығынан 200 км қашықтықта орналасқан қалаға баруға мәжбүр болды, бұл үлкен қолайсыздықтар мен қосымша шығындар тудырған.

       Аудан прокуратурасының заң бұзушылықтарды жою туралы ұсынысын қарау нәтижесінде білім бөлімі қажетсіз құжаттарды сұрату практикасын тоқтатты, енді ата-аналар қажетті қызметтерді артық қағазбастылықсыз ала алады.

       Абай облысының прокуратурасы

#Заң_мен_Тәртіп

#Әділдік

#Заңүстемдігі