Семей қаласының прокуратурасы қала аумағында кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз сату фактісін анықтады.
Рұқсат құжаттары жоқ жосықсыз кәсіпкерлер жүйелі түрде құмды заңсыз қазып, оны құрылыс кәсіпорындарына тасымалдау мен жеткізу қызметтерін көрсеткен.
Мемлекетке келтірілген залал 270 млн теңгеден асты.
Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 214-бабы 2-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін Экономикалық тергеу департаментіне жолдады.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі