Прокуратура органдары балалардың құқықтарын қорғауда тұр.
Семей қаласының прокуратурасы 7 млн теңгеден астам қарызы бар қала тұрғынының Қылмыстық кодексінің 139-бабына (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартты. Сот үкімімен ол бір жылға бас бостандығынан шектелді.
Тағы 3 адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Айта кетерлігі, тек Семей қаласында 2024 жылы алимент төлемегені үшін 7 адам қылмыстық, 61 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 5 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалған.
Абай облысының прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу қажеттігін, әйтпесе мұндай ата-аналарға қатысты заңда көзделген барлық шаралар қолданылатынын, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Әділдік
#Заңүстемдігі