Бесқарағай ауданының прокуратурасы жасөспірімдер қылмысының алдын алу мақсатында салауатты өмір салтын насихаттайтын «Тұлғадан тәлім» акциясын ұйымдастырды.
Іс-шараға республиканың еңбек сіңірген спортшылары Абан Әбілқасымов, Нұрлан Қойжайғанов, Есентай Имаханов, Мұхит Тұрсынов, сондай-ақ Бесқарағай ауданының мектептері мен колледждерінің оқушылары қатысты.
Мотивациялық кездесу нашақорлықпен күресуге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Іс-шара аясында интерактивті сессиялар өтті, онда қатысушылар сұрақтар қойып, қазіргі қоғамдағы жастар алдында тұрған өзекті мәселелерді талқылай алды.
Еліміздің болашағы – біздің жастарымыз, сондықтан олардың өсуі мен дамуы үшін қауіпсіз және салауатты жағдай жасауға міндеттіміз.
Абай облысының прокуратурасы