Абай облысының прокуратурасы «Жарма-Су» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің құқықтарын қорғады

Абай облысының прокуратурасы «Жарма-Су» ШЖҚ КМК қызметкерлерінің құқықтарын қорғады

       Жарма ауданының прокуратурасы «Жарма-Су» кәсіпорнында екі ай бойы 106 қызметкер жалақысын ала алмағаны анықтады, қарыз сомасы 22 млн теңгеден асқан.

       Прокуратура қабылдаған шараларымен жалақы бойынша берешек толығымен өтеліп, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді, ал кәсіпорын басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

       Абай облысының прокуратурасы жұмыс берушілерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

       Абай облысының прокуратурасы

       #Заң_мен_Тәртіп

       #Заңүстемдігі

       #АдалАзамат

       #Жауапкершілік