Облыс прокуратурасы өңірде жылу беру маусымына дайындау мәселесіне талдау жүргізді.
Облыс орталығында жылу маусымы 1 қазанда үзіліссіз басталды.
Алайда, басқа аудандарда жергілікті атқарушы органдарының жылу беру маусымына дұрыс дайындалмағаны анықталды. Аягоз ауданында бұл қазандықтың іске қосылуының тоқтатылуына, ал Жарма ауданында жабдықты жөндеу жұмыстарының кешігуіне әкеліп соққан.
Прокуратураның актісімен аталған аудандарда жылу беру маусымын бұзғаны үшін, Аягөз ауданының әкімі мен облыс әкімдігінің бірқатар лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылып, «Жарма-Су» КМК директоры қызметінен босатылды.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Заңүстемдігі
#АдалАзамат
#Жауапкершілік