Облыс прокуратурасы сот орындаушыларымен 2 млн теңгеден астам алимент берешегі бар борышкерлердің үш көліктерінен тыйым салуды заңсыз алып тастаудың екі фактісін анықтады.
Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚК-тің 251-бабы (жеке сот орындаушыларының өкілеттіктерін асыра пайдалануы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Сонымен қатар, прокуратура балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, борышкерлердің кірістерін жасыру, сондай-ақ сот орындаушыларымен мүлікті сату шараларын қолданбау фактілерін анықтады.
Соңғылары 40 млн теңгеден астам қарызы бар борышкерлердің 11 көлік бірлігін, 12 пәтер және 2 жер телімдерін сатуға шара қолданбаған.
Прокуратураның нұсқауымен, балаларды асырауға қаражат төлеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін ҚК-тің 139-бабы бойынша төрт борышкерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Абай облысының прокуратурасы алиментті уақтылы төлеу қажеттілігін, әйтпесе мұндай ата-аналарға қатысты заңда көзделген барлық шаралар қолданылатынын, соның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.
Абай облысының прокуратурасы
#Заң_мен_Тәртіп
#Заңүстемдігі
#АдалАзамат
#Жауапкершілік