Абай облысында прокурорлар есірткі қылмысымен күрес жұмыстарын жалғастыруда

Абай облысында прокурорлар есірткі қылмысымен күрес жұмыстарын жалғастыруда

       Облыс прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері, әкімдік және волонтерлер арасынан мобильді топтар құрылып, наркограффитиді анықтау және бояу жұмыстарын жалғастыруда.

       Бүгінгі таңда 400-ден астам наркограффити боялып, есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау бойынша ҚК 299-1-бабымен 6 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

       Сонымен қатар, облыс прокуратурасының қызметкерлері бір айдан аз уақыт ішінде облыста есірткі және психотроптық заттарды сату үшін пайдаланған 64 сайт пен «Telegram» – арналарын бұғаттады.

       Абай облысының прокуратурасы тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтаған жағдайда 102 арнасына хабарласу керектігін еске салады.

       Абай облысының прокуратурасы

       #Заң_мен_Тәртіп

       #Заңүстемдігі

       #АдалАзамат

       #Жауапкершілік