Облыс прокуратурасы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өткізді.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары, ҚАЖ департаментінің, «Еңбек-Семей» РМК, сондай-ақ шағын және орта бизнес өкілдері қатысты.
Кәсіпкерлерге ҚАЖ мекемелерінің аумақтарында өкілдіктер ашу ұсынылды, өйткені сотталғандарды жұмыспен қамтамасыз ету, босатылғаннан кейін әлеуметке қосылудың және тәрбиелік сипаттағы негізгі ықпал ету шараларының бірі болып табылады.
Сонымен қатар, ҚАЖ департаментіне, «Еңбек-Семей» РМК және жергілікті атқарушы органға мекеме аумағының бос жерлерінде өндірістік нысандарды ашу үшін құрастырмалы модульдік үй-жайларды орнату мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар берілді.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлерден құю бұйымдарын (вагондарға арналған бөлшектер), ламинат және ағаш түпқоймаларын шығару бойынша филиалдар ашу туралы 3 ұсыныс түсті. Бұл объектілерде 200-ге жуық адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Абай облысының прокуратурасы