Абай облысы прокуратурасының Үйлестіру кеңесі: әрекетке қабілетсіз адамдарды қанаған директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

Абай облысы прокуратурасының Үйлестіру кеңесі: әрекетке қабілетсіз адамдарды қанаған директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды

       Облыс прокуроры Ерлан Абаевтың төрағалығымен мамандандырылған жабық медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі уәкілетті органдар жұмысының тиімділігі мәселесі бойынша, Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті.

       Шараға облыстың құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты.

       Отырыста прокуратурамен анықталған заң бұзушылықтар мен әрекетке қабілетсіз адамдарды ұстау мәселелері талқыланды.

       Тексеру барысында, №1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан төрт тұлғаны шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына қанау фактісі анықталды.

       Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары (адам саудасы) бойынша тергеген. Қазіргі уақытта іс сотқа жолданды.

       Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға мәжбүрлеп, тамақ дайындауға баулап, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған (сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде).

       Облыс прокуроры өз құқықтарын қорғауды өз бетінше жүзеге асыра алмайтын адамдардың құқықтарын қорғау, прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

       Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша, уәкілетті органдарға медициналық-әлеуметтік мекемелерде ұсталатын адамдардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ олардың жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер жүктелді.

       Абай облысының прокуратурасы