Абай облысында прокуратураның хабарламасымен құжатсыз ағаш өнімдерін тасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

Абай облысында прокуратураның хабарламасымен құжатсыз ағаш өнімдерін тасу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды

       Абай облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп, орман ағаштарын кесуге жол бермеу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді.

       Рейд барысында «Талица-Семей» тас жолында көлемі 16,86 м3 орман өнімдерін тасымалдаған «КамАЗ» көлігінің жүргізушісі анықталды.

       Аталған факті бойынша Семей қаласының Әуезов полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 188-бабының 1-бөлігі бойынша (ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

       Абай облысының прокуратурасы