Абай облысында «кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жұмысын көрсетті

Абай облысында «кәсіпкерлерді қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі» жұмысын көрсетті

       Облыс прокуратурасы салық органына ірі кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартуға жол бермеді.

       Негіздердің бірі кәсіпкерлік субъектісіне мемлекеттік кіріс органының хабарламасына шағымдану құқығын бермеу болды. 

       Басқа жағдайда, Семей қаласының прокуратурасы орта кәсіпкерлік субъектісіне салықтық тексеру жүргізуге рұқсат беруден бас тартты.

       Салық органы тексеруді тағайындаудың негізділігін құжаттай растай алмады.

       Айта кету керек, «Прокурорлық сүзгі» өткен жылдың желтоқсан айынан бастауын алып, мемлекеттік органдардың инвесторлар мен кәсіпкерлерге қатысты шешімдерін прокуратура органдарымен келісуді көздейді.

       Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

       Осы салада туындаған барлық сұрақтар бойынша Абай облысы прокуратурасының жауапты қызметкеріне 8 (701) 361-88-16 телефоны арқылы хабарласуыңызға болады.

       Абай облысының прокуратурасы