Прокуратура органдарымен маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.
Абай облысында 1700 жұмыс орнын құрайтын құны 117 млрд теңге болатын «Селекциялық-гибридті ет өндіру орталығының құрылысы» жобасын жүзеге асырушы инвестор 6 ай бойы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қорытындысын ала алмады.
Инвесторға бұған дейін заң талаптарын түсіндірмей, рұқсат құжаттарын беруден бас тартылған болатын.
Прокуратураның үйлестіруімен фронт-офис жұмысы аясында Комитет инвесторға кеңес беріп, Экологиялық кодекске сәйкес ескертуді жою мүмкіндігі бар қорытынды беру туралы шешім қабылдады.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8-701-361-88-16 (Абай облысының прокуратурасы), 8-777-037-00-00 («Kazakh invest» ҰҚ» АҚ аймақтық өкілі).
Абай облысының прокуратурасы