Жарма ауданы прокуратурасы 700 млн. теңгеден астам сомаға конкурстың күшін жойды

Жарма ауданы прокуратурасы 700 млн. теңгеден астам сомаға конкурстың күшін жойды

       Аудан прокуратурасы жалпы сомасы 714 млн. теңгені құрайтын, жолды орташа жөндеу бойынша 2 жылдық конкурстың күшін жойды.

       Оған бір жылдан астам мерзімге шарт жасасу негіздері көрсетілген «Мемлекеттік сатып алу туралы»  заңының талаптарын бұзуы негіз болды.

       Тапсырыс берушіге шартты орындау мерзімін ұлғайту қаржылық тұрақтылық көрсеткішіне негізделген әлеуетті өнім берушінің қатысуын шектеген.

       Прокурордың наразылығы бойынша аудан әкімдігі конкурсының күші жойылды. Қазыргі уақытта конкурс құжаттарын 1 қаржы жылына жариялау үшін Заң талаптарына сәйкестендірілуде.

       Бизнестік кедергіні жою кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алуға қатысу мүмкіндігін кеңейтті.

       Абай облысының прокуратурасы