Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы 17 мың га-дан астам жерді мемлекетке қайтарды

Абай облысы Жарма ауданының прокуратурасы 17 мың га-дан астам жерді мемлекетке қайтарды

       Жарма ауданының прокуратурасы жергілікті шаруа қожалықтарының бірі өзіне берілген 17 мың га-дан астам жер телімдерін ұзақ уақыт пайдаланбай, үшінші тұлғаларға қосалқы жалға бергенін анықтады.

       Сот шешімімен бұл жер учаскелері мемлекет пайдасына алынды, олардың кадастрлық құны 329 млн. теңгені құрады.

       Қазіргі уақытта оларды басқа мұқтаж жер пайдаланушыларға, соның ішінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жергілікті инвесторларға беру мәселесі шешілуде.        

       Абай облысының прокуратурасы