Облыс прокуратурасы «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ бұрынғы басшысының орман қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор ретінде ағасын заңсыз жұмысқа алу фактісін анықтады, ол 4 жыл бойы функционалдық міндеттерін нақты орындамай жалақы алды.
Прокуратураның қадағалау актісі негізінде «Тарбағатай» МҰТП» РММ талабы бойынша сот шешімімен 5,5 млн. теңге көлемінде заңсыз алынған жалақы өндірілді.
Бүгінгі күні сот шешімі заңды күшіне еніп, заңсыз төленген сома мемлекет кірісіне өндірілді.
Абай облысының прокуратурасы