
09.02.2024ж. Облыс прокуратурасының бастамасымен Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Alikhan Bokeikhan University және «Бизнес» колледжінің студенттерінің қатысуымен сот отырысы өткізілді.
Сотталушы «Н», «жасырып салу» арқылы сату мақсатында аса ірі мөлшерде синтетикалық заттарды сақтағаны үшін айыпталады. Оған 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұл науқан есірткі мәселесіне және жастарға жеңіл ақша табу жолы қандай мәселеге алып келетініне назар аудару үшін басталды.
Сонымен қатар сот процесі аяқталғаннан кейін облыс прокуратурасы қызметкерлерімен студенттерге профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оларға есірткі заттарын сатумен байланысты қылмыс жасағаны үшін жауапкершілік көзделетіні түсіндірілді.
Абай облысының прокуратурасы