Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған

Абай облысында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы бұзылған

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, Бала орталығында тәрбиеленіп жатқан жеткіншектердің құқықтарының қорғалуына талдау жүргізді.  

Қамқоршының тарапынан (Бала орталығы) алимент төлемдерін өндіру бойынша шараларды қабылдамау фактілері анықталды. 

Барлығы 30 млн. теңгені құрайтын алимент төлемеудің 14 фактісі анықталып, оның 5 фактісі бойынша прокуратураның бастамасымен ҚР ҚК-нің 139 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Бүгінгі күні 2 борышкер сотталды. 

Бұл жұмыс оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде 1 млн. теңгеден астам алименттік берешек өтелді. 

Қадағалау актісі негізінде Бала орталығының басшылығы жауапкершілікке тартылды.