Абай облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтірілді

Абай облысында прокуратураның араласуынан кейін инвестордың құқықтары қалпына келтірілді

Абай облысының табиғатты қорғау прокуратурасы «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке заңсыз тартуға әкеп соққан заң бұзушылықты анықтады.

Анықталғандай, Экология департаменті инвесторға қатысты мемлекеттік бақылаудың заңда көзделген тексеруін жүргізбестен және белгіленген рәсімді сақтамай, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаған.

Прокуратураның наразылығы бойынша сот «KAZ MINERALS AKTOGAY» ЖШС-ін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулының күшін жойды.

Сонымен қатар, сот анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің атына жеке қаулы шығарды.

Бұдан бөлек, Экология департаменті басшысының орынбасары 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокуратура кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ мемлекеттік органдардың олардың қызметіне негізсіз араласуына жол бермеу бағытындағы жұмысты жалғастырады.

                                                                                                                                                   Абай облысының прократурасы