Абай облысының прокуратурасы балаларға спорт пен музыка мерекесін ұйымдастырды

Абай облысының прокуратурасы балаларға спорт пен музыка мерекесін ұйымдастырды

Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және жастардың мазмұнды бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Абай облысының прокуратура органдарының бастамасымен «Елімай» футбол клубымен бірлесіп кезекті акция өткізілді. Оның аясында 100-ден астам бала «Елімай» және «Қайрат» командалары арасындағы футбол матчын тегін тамашалады.

Сондай-ақ орталық стадионда жас жанкүйерлер үшін қазақстандық эстрада жұлдыздары – Мирас Жүгінісов пен Дана Кентайдың қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

Жасөспірімдер танымал спортшылар және өнер жұлдыздарымен тілдесіп, олардан автограф алуға мүмкіндік алды.

Іс-шара барысында екі балалар ұйымына спорт және эстрада жұлдыздарының қолтаңбалары қойылған әрі «Заң мен тәртіп» логотипі бейнеленген естелік футбол доптарын табыстады.

Өнер иелері жастардың пайдалы бос уақытын ұйымдастыру жөніндегі прокуратура органдарының бастамасына оң бағасын беріп, жүргізіліп жатқан жұмыстарды қолдайтындарын білдірді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және балаларды спортқа тарту Абай облысының прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.