«Саналы ұрпақ» және «Айқын нәтиже» жобаларын іске асыру аясында Аягөз ауданының прокуратурасы алкоголь өнімдерін сату саласындағы заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізуде.
Аягөз ауданы аумағында алкоголь өнімдерін сатумен айналысатын 149 сауда нысаны жұмыс істейді.
Прокурорлар жүргізген іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін заңнамада белгіленген тәртіпті бұза отырып сатудың 16 фактісі анықталды.
Анықталған барлық құқық бұзушылықтар бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, прокуратура тарапынан кәсіпкерлермен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Оларға заңнама талаптары және алкоголь өнімдерін белгіленген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде тыйым салынған уақытта сатқаны үшін жауаптылық түсіндірілді.
Прокурорлардың жұмысы тек құқық бұзушылықтарды анықтауға ғана емес, олардың алдын алуға, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және қоғамдық қауіпсіздікті қорғауға бағытталған.
Абай облысының прокуратурасы